ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Аққулы а.
+7 (718) 394 09 50
jamyshevo@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

 

 

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің мектепішілік байқауы аясында 5 «А» сыныбында дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Тақырыбы: «Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту. Волейбол. Допты қабылдау әдістері».

Сабақтың мақсаты: оқушылардың түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, волейбол ойынындағы допты қабылдау тәсілдерін меңгерту, ойын барысында жылдам шешім қабылдау қабілетін дамыту.

Сабақ ойын форматында ұйымдастырылып, командалық жұмыс, жаттығу кезеңдері және рефлексиямен толықтырылды. Оқушылар допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдістерін тәжірибе жүзінде орындап, қозғалыс үйлесімділігін жетілдірді. Топтық тапсырмалар арқылы әр оқушы өз рөлін анықтап, командалық әрекет барысында жауапкершілік пен өзара қолдаудың маңызын түсінді.

Жаттығулар барысында ойындық жағдаяттар жасалып, оқушылар қиындықтарды бірлесіп шешу жолдарын қарастырды. Олар жылдамдық, дәлдік және тактикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өз әрекеттеріне баға берді. Сабақ соңындағы рефлексия кезеңінде оқушылар спорттағы бірлік пен тәртіптің маңыздылығын атап өтті.

Бұл ашық сабақ жаңашыл әдістерімен, оқушылардың белсенді қатысуымен және тәрбиелік бағыттылығымен ерекшеленді.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Қайса Қуандық Талғатұлы

https://youtu.be/r-ZonSnn4kQ?feature=shared

© 2026. Все права защищены.