

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ямышев жалпы орта білім беру мектебінде «Тұмар» әжелер клубы ашылды. Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Бесік жырын құлаққа сіңіре өскен бала болашақта өз баласына да махаббатын бере алады.




