ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Аққулы а.
+7 (718) 394 09 50
jamyshevo@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

Ямышев жалпы орта мектебінде мектебінде жас педагогтерді кәсіби қолдау мен дамытуға бағытталған мектептердің желілік қоғамдастығы аясында «Тәжірибеден – шеберлікке: тәлімгерлік алаңы» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, тәлімгерлік тәжірибені тарату және педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын арттыру болды.
Мектеп басшысы Балгина Бағдат Қайыргелдіқызы жасанды интеллект көмегімен семинарға қатысушыларды қарсы алып, семинар мақсатымен таныстырды.
Іс-шара дөңгелек үстел мен шеберлік алаңы форматында ұйымдастырылып, қатысушылар үшін тәжірибелік тұрғыда өте пайдалы болды.
Шеберлік сыныптарында:
• сабақ мақсатына жетудегі тиімді тапсырмалар құрастыру,
• үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу,
• Lesson Study тәсілін оқыту процесін жетілдіруде қолдану жолдары қарастырылды.
Атап айтқанда тәжірибелі педагогтер бірқатар өзекті тақырыптарда сөз қозғады: Сураган А.(педагог-модератор),МолдабековаА.Е.(педагог-модератор), Сакиянова Т.Н. (педагог) және Б.Уахатов ат.ОМ ұстазы Бикеева К.Д. (педагог-зерттеуші) сабақ мақсатына жетудегі тиімді тапсырмалар құрастыру жолдарын таныстырса, Колишева В.И. (педагог-зерттеуші), Сироткина Г.И. (педагог), Мамонова Д.О. (педагог-сарапшы), Баужанова М.Б. (педагог-сарапшы),, Ибраева А.Р. (педагог-модератор),, Молдабекова А.Е. (педагог-модератор),, Салимов Т.А. (педагог-сарапшы), үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің нәтижелі тәсілдерімен бөлісті, ал Кобайдарова Д.С. (педагог-зерттеуші), Жанпеисова М.Г. (педагог-зерттеуші), Шегиров А.Ж. (педагог-модератор) Lesson Study әдісін оқыту процесін жетілдірудің тиімді құралы ретінде ұсынды, тәлемгерлер Классен Н.И.(педагог-зерттеуші),Маринова И.Я.(педагог-зерттеуші), Гуренко Л.А. (педагог-зерттеуші),Гулоева А.И. (педагог-сарапшы), «Жас мұғалімге көмек» жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар, топтық жұмыстар барысында жас мұғалімдердің нақты педагогикалық қиындықтары талданып, тәжірибелі тәлімгерлер тарапынан нақты шешу жолдары ұсынылды. Рефлексия кезеңінде қатысушылар өздеріне қажетті әдіс-тәсілдерді анықтап, алдағы сабақтарында қолдануға бағыт алды.
Қорытынды сөзінде мектеп басшысы тәлімгерлік жұмыстың білім сапасын арттырудағы және жас педагогтердің кәсіби қалыптасуындағы рөліне кеңінен тоқталып, менторлық жүйенің мектептегі жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жас мамандарға кәсіби жолында табыс, шығармашылық ізденіс, үздіксіз даму мен сенімді қадам тіледі. Семинарға қатысушылар өз алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Семинарда көрсетілген материалдар қатысушыларға QR код ретінде берілді.
Аталған семинар жас педагогтер үшін үлкен қолдау алаңы болып, кәсіби дамуға тың серпін берген мазмұнды әрі пайдалы шара ретінде өз мақсатына толық жетті.

https://youtube.com/shorts/l6V0XH0Z-gc?si=N2tIBX2KGEBm5Xd7

© 2026. Все права защищены.