|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
марта
2026
|
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі – табиғат пен адам арасындағы байланысты терең суреттейтін шығарма.
2 «А» сынып оқушылары аталған шығарма бойынша эссе жазып, өз ойларын көркем жеткізе білді.
Бейнеде алдымен «Көксерек» шығармасы туралы қысқаша мәлімет беріліп, кейін оқушылардың жүрекпен жазған эсселері ұсынылады.
Жас қаламгерлерімізге сәттілік тілейміз! ✨
Сынып жетекшісі: Жанпеисова М.Г.
|
25
февраля
2026
|
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің мектепішілік байқауы аясында 5 «В» сыныбында орыс әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Тақырыбы: «Нравственные уроки сказки „Тёплый хлеб“» (Константин Паустовский «Тёплый хлеб» шығармасы негізінде).
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қысқа және толық жауапты ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, сұрақтарға жүйелі әрі логикалық тұрғыда жауап беруін дамыту, шығарманың негізгі ойын анықтау және басты кейіпкердің мінез-құлқындағы өзгерістерді саралап, оның себептерін түсіндіру.
Сабақ квест форматында ұйымдастырылып, топтық жұмыс, мәтінді талдау және рефлексия кезеңдерімен толықтырылды. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды анықтап, кейіпкер әрекеттеріне баға беріп, тәрбиелік қорытынды жасады.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есен К.Д.





