|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық " КММ
КГУ "Ямышевская средняя общеобразовательная школа" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
25
Ақпан
2026
|
"Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтердің мектепішілік байқауы бойынша музыка пәнінің мұғалімі Бегжан Серікгүл 5 «А» сыныбында «Еуропа халықтарының музыкалық дәстүрі» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар :
Еуропа елдерінің музыка мәдениетімен танысып, музыканың түрі, стилі мен жанрын анықтауды үйренді.
Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары жасалуына және дыбысталуына қарай топтастырылды.
Сабақ нәтижесі:
Сабақ соңында 5 «А» сынып оқушылары:
Еуропа халық музыкасының негізгі ерекшеліктерін білді;
Музыкалық шығарманы талдай алды;
Музыкалық аспаптарды дыбысталуына қарай топтастырды;
Әртүрлі елдердің музыка мәдениетін салыстыра білді.
|
25
Ақпан
2026
|
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің мектепішілік байқауы аясында 5 «А» сыныбында дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Тақырыбы: «Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту. Волейбол. Допты қабылдау әдістері».
Сабақтың мақсаты: оқушылардың түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, волейбол ойынындағы допты қабылдау тәсілдерін меңгерту, ойын барысында жылдам шешім қабылдау қабілетін дамыту.
Сабақ ойын форматында ұйымдастырылып, командалық жұмыс, жаттығу кезеңдері және рефлексиямен толықтырылды. Оқушылар допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдістерін тәжірибе жүзінде орындап, қозғалыс үйлесімділігін жетілдірді. Топтық тапсырмалар арқылы әр оқушы өз рөлін анықтап, командалық әрекет барысында жауапкершілік пен өзара қолдаудың маңызын түсінді.
Жаттығулар барысында ойындық жағдаяттар жасалып, оқушылар қиындықтарды бірлесіп шешу жолдарын қарастырды. Олар жылдамдық, дәлдік және тактикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өз әрекеттеріне баға берді. Сабақ соңындағы рефлексия кезеңінде оқушылар спорттағы бірлік пен тәртіптің маңыздылығын атап өтті.
Бұл ашық сабақ жаңашыл әдістерімен, оқушылардың белсенді қатысуымен және тәрбиелік бағыттылығымен ерекшеленді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Қайса Қуандық Талғатұлы





